Бизнеске арналған қосымшаларға корпоративтік порталдар, BI бизнес-аналитика жүйелері және бизнес-процестер мен күнделікті міндеттерді автоматтандыру қосымшалары жатады. Біздің қызметтерімізге талаптарды талдау, техникалық тапсырмаларды құру, жоспарлау, жеткізу, енгізу, осындай шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ реинжиниринг және өнімділікті оңтайландыру кіреді.
Бизнес қосымшалары персоналды, құжаттаманы, шығындарды және өндірістік процестерді басқару сияқты кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттарындағы күнделікті міндеттерді автоматтандыруға және жеделдетуге мүмкіндік береді. Бизнес-аналитика нақты уақыт режимінде әртүрлі көздерден үлкен деректерді жинауға, олардың графикалық көріністерін алуға және трендтерді жедел бақылауға мүмкіндік береді.
Үнемдеу
Тұрақты шығындар мен күрделі салымдарды оңтайландыру.
Жеделдік
Ең аз уақытта әзірлеу, тестілеу және енгізу.
Бейімделгіштік
Бизнес дамыған соң тез бейімделу мүмкіндігі.
Сараптама
Білікті инженерлер тобы және орындалған жобалардың тәжірибесі.
Тәуекелдерді азайту
EАқпаратты қорғаудың үздік тәжірибелерін қолдану.
Бизнеске бағдар
Көптеген мәселелерді ымырасыз шешу.
АТ-саласындағы он жылдан астам тәжірибеміз үшін біз клиенттердің сеніміне ие болдық және Қазақстан Республикасындағы АТ-қызметтер саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде өз ұстанымымызды нығайттық.
Өзіміздің бай тәжірибеміздің арқасында біз қызметтердің кешенді портфолиосын ұсынамыз. Біз сіздің АТ-инфрақұрылымыңызды тұрақты және тиімді жұмысына, оның сенімділігіне, тез бейімделу және масштабтау мүмкіндігіне кепілдік береміз.
Сіздің жүйеңізді басқаруды бізге сену арқылы түпкілікті нәтиже ретінде сенімділікке ие боласыз. Біздің мақсатымыз – сіздің бизнесіңіздің тұрақтылығы мен өркендеуіне ықпал ете отырып, Сіздің компанияңыздың АТ-инфрақұрылымының әлеуетін барынша пайдалану.
Баға сұрауБайланыс