Басқарылатын АТ-қызметтері - ол тәулік бойы қызмет көрсету және АТ-қызметтерін қолдау бойынша міндеттерді компаниядан провайдерге беруді көздейтін аутсорсинг форматы. Өзара іс-қимылдың мұндай моделі ішкі АТ-бөлімінің жұмыс істеу шығындарын азайтады, бизнесті дамытуға және ілгерілетуге, АТ-жүйелерінің барлық сегменттеріндегі жаңылысу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Басқарылатын АТ-қызметтерінің басты құндылығы - компанияның АТ-инфрақұрылымын тиімді басқару. Сауатты АТ-қолдаудың арқасында компанияның өнімділігі артады, АТ-инфрақұрылымын қолдау мен дамытуға байланысты күрделі және операциялық шығындар азаяды. Сондай-ақ, аутсорсинг пайдаланушыларға қызмет көрсетуді жоғары деңгейге көтеруге және тұтастай алғанда компанияның дамуын жандандыруға мүмкіндік береді.
Үнемдеу
Қызметкерлерді техникалық қолдау, оқыту және ұстау шығындарын азайту.
Масштабталу
Сіздің бизнес қажеттіліктеріңіздің өзгеруіне байланысты қызметтердің икемді тізімі.
Сенімілік
Компанияның АТ-қызметтерінің жоғары қолжетімділігі.
Сараптама
Білікті инженерлер тобымен өзара әрекеттесу.
Қауіпсіздік
Сервистердің заманауи жаңартылуы, тұрақты модернизация.
24/7 қолдау
Уақтылы көмек, әр сұрауға жедел жауап.
АТ-саласындағы он жылдан астам тәжірибеміз үшін біз клиенттердің сеніміне ие болдық және Қазақстан Республикасындағы АТ-қызметтер саласындағы көшбасшылардың бірі ретінде өз ұстанымымызды нығайттық.
Өзіміздің бай тәжірибеміздің арқасында біз қызметтердің кешенді портфолиосын ұсынамыз. Біз сіздің АТ-инфрақұрылымыңызды тұрақты және тиімді жұмысына, оның сенімділігіне, тез бейімделу және масштабтау мүмкіндігіне кепілдік береміз.
Сіздің жүйеңізді басқаруды бізге сену арқылы түпкілікті нәтиже ретінде сенімділікке ие боласыз. Біздің мақсатымыз – сіздің бизнесіңіздің тұрақтылығы мен өркендеуіне ықпал ете отырып, Сіздің компанияңыздың АТ-инфрақұрылымының әлеуетін барынша пайдалану.
Баға сұрауБайланыс