АТ-инфрақұрылым аудиті
Әр компанияның АТ-инфрақұрылымы үнемі өзгеріп, дамып отырады. Кешенді аудит оның ағымдағы жай-күйін бағалауға, проблемалық аймақтарды анықтауға және әрі қарай даму бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді. Біздің команда корпоративтік БҚ мен жабдықтың тиімділігін бағалайды және тоқтап қалуға, деректердің жоғалуына және ресурстарды мақсатсыз пайдалануға байланысты тәуекелдерді анықтайды.
Мәселелер
Инфрақұрылымды қашан бағалау қажет?
Инфрақұрылымның өзгеруі
жүйелер мен жабдықтың жай-күйіне өзекті баға алу;
Мәселелерді анықтау
қолданыстағы кемшіліктер мен техникалық шектеулерді анықтау;
Тәуекелдерді бағалау
инфрақұрылымның тұрақтылығына әсер ететін ықтимал мәселелерді анықтау;
Жаңғыртуға дайындық
өзгерістердің басым бағыттарын айқындау;
Оңтайландыру
жабдық пен бағдарламалық қамтылымды пайдалану тиімділігін бағалау.
Нені ескереміз
Серверлік жабдық;
Ақпаратты сақтау және резервтеу жүйелері;
Желі топологиясы, сымды және сымсыз желілер;
Интернет және деректер алмасу;
Қызметкерлердің жұмыс орындары;
Қашықтан қол жеткізу;
АТ-инфрақұрылымның басқа элементтері.
Нәтиже
Тапсырыс беруші аппараттық және бағдарламалық инфрақұрылымның жай-күйі туралы құрылымдалған ақпаратты, бірінші кезекте жоюды қажет ететін мәселелер мен кемшіліктердің тізбесін, деректерді қорғау бойынша ұсынымдарды және жаңғырту жоспарын алады.