Жүйелер мен инфрақұрылымды көшіру

АТ-жүйелерді көшіру үйлесімділік пен қолжетімділік талаптарын ескере отырып, қолданбаларды, сервистер мен деректерді жаңа платформаларға немесе алаңдарға көшіруге мүмкіндік береді. Деректердің жоғалуы мен корпоративтік жүйелер жұмысының бұзылу тәуекелдерін барынша азайта отырып, көшіруді жоспарлаймыз және орындаймыз.

Мәселелер

Жүйелерді не үшін көшіру керек?

Платформаны ауыстыру

жүйелерді жаңа бағдарламалық немесе аппараттық қамтылымға көшіру;

Алаңдар арасында көшіру

инфрақұрылымды басқа ДӨО-ға немесе бұлтты ортаға ауыстыру;

Жүйелерді жаңарту

платформалар мен бағдарламалық компоненттердің жаңа нұсқаларына көшу;

Инфрақұрылымды шоғырландыру

жүйелер мен ресурстарды мақсатты платформада біріктіру;

Архитектураны өзгерту

сервистерді инфрақұрылымның жаңа схемасына сәйкес көшіру.

Нені ескереміз

Көшірілетін жүйелердің құрамы мен тәуелділіктері;

Бастапқы және мақсатты платформалардың үйлесімділігі;

Деректер көлемі және оларды көшіру тәсілдері;

Сервистердің қолжетімділігіне қойылатын талаптар;

Тоқтап қалудың рұқсат етілген мерзімдері;

Ауыстырып қосу және қалпына келтіру жоспары.

Нәтиже

Көшірілген жүйелер мен деректер, сервистердің тексерілген жұмысқа қабілеттілігі және орындалған көшіру бойынша техникалық құжаттама.

Бағыттар